Махаббат

Махаббат

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.

Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде

Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш

деп білді.

Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махабаттың төменгі сатысы,рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%85%D0%B0%D0%B1%D0%B1%D0%B0%D1%82