Categories
kk-kz

Бақыт

🤔 Қуаныш, бақыт, денсаулық: 1. Ішкі тыныштық. 2. Басқаларға көмектесу және қолдау көрсету арқылы қанағаттану. Қарым-қатынастар. 12R.tv❌✅ Сізге де, өзіме де, басқаларға да келесі жылдың соңында әрқайсымыз: «2022 жыл менің өмірімдегі ең жақсы жыл болды 🙂👍» деп айтуды тілеймін. Marcin Ellwart

Бақыт

Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым.

Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Арман сияқты Бақыт та мұраттың тылсымдық-эмоциялық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді. Әдептану саласында Бақыт мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология (грек. Бақыт туралы ілім) деп атайды.

Бақыт — көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері:

бақ-дәулет, “қолға қонған құс”, ырыздық;қуаныш, ләззат, рахат;жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық;өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу.

“Құс ұшуға жаралған, адам бақытты болуға жаралған” дейді халық мақалы. Бақытты өмір сүру — қуанышты болу, дәулетке кенелу, рахатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар — табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы, бала-шағаның қызығы. Қуаныш сезімі адамға күш беріп, кісінің жігеріне жігер қосады. Алайда қуаныш пен Бақыттың арасында айырмашылық та бар. Қуаныш өткінші, жеке бір сәтке байланысты болса, Бақыт — адамның бүкіл өмірінің арқауы. Өмірде адамгершілікке жат, әдептілікке симайтын жалған қуаныштардың да кездесуі мүмкін. Қазіргі жағдайда Бақытты өмір сүру мәселесі өркениеттілік құндылықтарымен (нарық, демократия, адам құқыларын қастерлеу, т.б.) тікелей байланысты. Т. Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет өз табиғаты бойынша Бақытқа ұмтылуды қорғап, тұлғалардың іскерлігі мен дербестілігін ынталандыруы қажет екенін, бұл Бақыт үшін мәнді болып табылатынын атап көрсетеді.[1]

Wikipedia.org:

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82

Маслоудың қажетсіну пирамидасы

Алғашқы нұсқасы:

  1. Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.
  2. Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.
  3. Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.
  4. Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.
  5. Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.

Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:

  1. Физиологиялық (ең төменгі)
  2. Қауіпсіздік
  3. Иелеу/Махаббат
  4. Құрмет
  5. Білім алу
  6. Эстетикалық
  7. Өзінің маңызын түсіну

Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.

Маслоудың қажетсіну пирамидасы — американ психологі Абрахам Харольд Маслоу ұсынған адам қажетсінуін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы.[1] 1943 ж. Маслоудың «Psychological Review» журналында басылып шыққан «Адам мотивациясының теориясы» («A Theory of Human Motivation») атты кітабында бұл идея қарастырылған боалтын. [2]

Маслоу бұл идеясын адамның ішкі құмарлықтарына бақылау жасау барысында қалыптастырған. Оның бұл теориясы адам дамуы психологиясындағы басқа теориялармен қатарласып, адам өсуі мен жетілуінің сатыларын айқындайды. Ол қоғамдық жалпы қажетсінуді сипаттайтын классификация жүйесін жасайды және оны тәжірибеден келген сезімдермен толықтырады. Маслоудың қажетсіну иерархиясы адамның не үшін мәлім әрекеттерге ниеттенетінін оның түрлі деңгейдегі талап-тілектерімен түсіндіреді. Ол «Физиологиялық», «Қауіпсіздік», «Иелік және махаббат», «Қоғамдық қажетсіну, немесе Құрметтелу» және «Өзін-актуалдау» секілділер арқылы адамды әрекетке салған мотивацияны түсіндіреді.

Маслоудың түсіндіруі бойынша, әрбір саты келесі сатыға көтерілу үшін, алдыңғы саты толық орындалуы, алдыңғы қажетсіну толық қанағаттануы керек.

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%81%D0%BB%D0%BE%D1%83%D0%B4%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D0%B0%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%81%D1%96%D0%BD%D1%83_%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%8B

Интернеттегі музыкалық бейнеклиптерді ұсынамын (YouTube.com) – index:  7hi7.com/music, o5go.com, 12R.TV/music0-zz.com

Қазақ тілі

түркі тілдерінің бірі, Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى‎, латын: qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.

Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96

Қазақстан

Azıa jáne Eýropada ornalasqan memleket

Қазақстан (Дыбысы Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы (Дыбысы Қазақстан Республикасы) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3 000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде және батысында Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[7]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[8].

2020 жылдың 1 желтоқсанда елдегі тұрғындар саны — 18 852 802[5], бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі — 66,01%, орыстар — 21,05%, өзбектер — 3,07%, украиндар — 1,70%, ұйғырлар — 1,44%, татарлар — 1,17%, басқа халықтар 5,56%. Халықтың 70% астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD


7hi7.com12r.tv