Өмір

Өмір

Өмір — тірі материяның белсенділігінің нысаны, оның ағзасындағы өтіп жатқан физикалық және химиялық т.б. қасиеттерінің жиынтығы.[1]

Өмірдің биологиялық қасиеттері:

ағзаның құрылымының өзара бір-біріне байланысты орталықтануы

метаболизм,

өсу,

бейімделу,

тітіркенгіштік

көбеюі[2]

Сондай-ақ, өмір — материяның пайда болған сәтінен бастап оның өлуіне дейінгі кезеңі (онтогенез) деп айтса болады.

Өмір, оның пайда болуы, өмірдің маңыздылығы, мақсаты және түпкілікті мәні — өмір философиясының және діндердің орталық тұжырымдамасы мен бас сұрағы болып табылады.

Толық мақаласы: Өмір философиясы

Адамзат тарихы бойы түрлі мәдениеттер осы сұрақтарға көптеген тәсілдермен жауап берген.

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BC%D1%96%D1%80