Categories
kk-kz

KK-KZ

Интернеттегі музыкалық бейнеклиптерді ұсынамын (YouTube.com) – index:  7hi7.com/music, o5go.com, 12R.TV/music0-zz.com

Қазақ тілі

түркі тілдерінің бірі, Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى‎, латын: qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.

Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96

Қазақстан

Azıa jáne Eýropada ornalasqan memleket

Қазақстан (Дыбысы Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы (Дыбысы Қазақстан Республикасы) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3 000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде және батысында Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[7]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[8].

2020 жылдың 1 желтоқсанда елдегі тұрғындар саны — 18 852 802[5], бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі — 66,01%, орыстар — 21,05%, өзбектер — 3,07%, украиндар — 1,70%, ұйғырлар — 1,44%, татарлар — 1,17%, басқа халықтар 5,56%. Халықтың 70% астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD


7hi7.com12r.tv

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған