Саналы адам

Саналы адам

Саналы адам –

  1. (лат. Homo sapiens – Һомо Сапиенс деп айтылады – Сүтқоректілер класының Приматтар отрядының гоминидтер тұқымдасының Адамдар тегінің жалғыз биологиялық түрі.
  2. Ислам бойынша Адамды Алла тағала топырақтан жаратқан. Батыс елдерінде эволюциялық теориясын ұстанады, оған сәйкес адам — тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы.

Адамның табиғаты мен пайда болуы осы күнге дейін философиялық және діни айтыстың негізгі тақырыбы болып келе жатыр.

Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин 1871 ж. шыққан «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде: «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде, бәсекеге қабілеттілердің сұрыпталуы арқылы біртіндеп пайда болды», — деп түсіндіреді және хайуанат әлеміндегі түрлі эволюциялық белгілерді дәлел етеді.

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC